Бұл кітапты мұқият оқыған адам Исламның ең үлкен дұшпаны ағылшындар екендігін түсініп, қазір бүкіл əлемдегі мұсылмандарға шабуыл жасап жатқан уаххабиттікті ағылшындардың құрғанын жəне қолдап жатқанын жақсылап біліп алады. Білімі, ақылы, ар-ожданы бар ағылшындар да ағылшын үкіметінің осы дұшпандығынан жиіркенеді. Əр мұсылман мемлекеттерінде пайда болған мазһабсыздардың уаххабилікті жайып жүргендерін естіп жүрміз. Тіпті осы “Хемфердің мойындаулары” кітабын қиялдап отырып, біреудің жаза салғанын айтып жүргендер де кездеседі. Алайда қолдарында бұл сөздерін дəлелдейтін ешқандай құжаттары жоқ.